Қазақстан жолдарына 100 мыңнан астам жол белгісі орнатылды

Белгі республикалық маңызға ие автомобиль жолдарына қойылды

Фото: ҚР ИИДМ

Елімізде республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жабындысын төсеу және жол жабындысының олқылықтарын жою шараларының екі айлығы аяқталды. Осы уақыт аралығында жолшылар жылдық жоспар аясындағы жұмыстардың 60% орындады. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Атап айтанда, екі ай ішінде орнатылған және ауыстырылған жол белгілерінің саны 7969 бірлікті құрайды. Бұл – жылдық жоспардың 62%. Жол белгілерінің тағы да 4922 бірлігі орнатылады деп жоспарлануда. Бұдан бөлек, бүгінге дейін жол қызметтері 2204 шақырымдық белгілерді немесе жоспарланған жұмыстардың жылдық көлемінің 86% орнатты. Қосымша жыл соңына дейін ел жолдарында 354 белгі орнатылмақ. Сонымен қатар, жол панноларының 49% орнатылып, ауыстырылды. Жалпылай алғанда, жыл соңына дейін жолшылар белгілердің 509 бірлігін орнатуы тиіс.

Айта кету керек, республикалық маңызға ие автомобиль жолдары желісінің бойында 106 мың жол белгісі бар. Олардың 39 200 бірлігі – тыйым, 28 600-і  - алдын алу, 14 800-і – ақпараттық нұсқау, 7 500-і – нұсқау, 11 600-і – басымдықты және 4 300-і – қызмет көрсету белгілері.

Мұнымен қоса, екі айлық шеңберінде жол жабындысының 277843 шаршы метрінде шұңқырларды жамау жұмыстары жүргізіліп, жолдардың 16 932 шақырымы таңбаланды.

Еске салайық, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын Қазақстанда «Кешенді мақсатты бағдарлама» іске асырылады. Оның аясында жолдардағы шұңқырларды жамау, жол белгілерін орнату және ауыстыру, қоршауларды орнату және жөндеу, жолдардың қозғалыс бөлігін таңбалау жұмыстарын жүргізу қарастырылған.
 

 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif