Карантин талаптарын бұзған адамдарға айыппұл салынады

Жеке тұлғаларға - 83 000 теңге

Фото: Аскар Ахметуллин

Карантин талаптарын бұзған жағдайда салынатын айыппұл туралы брифингте ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты. Бұл туралы coronavirus2020.kz хабарлады. 

Бүгінгі күнге келетін болсақ, вирустың таралу себебі - ескертулерге немқұрайлы қарап, құлақ аспағаны десек артық емес.

Біздің ел тығылып, той тойлап, бетпере киюді әлі де ұят санайтындар да жоқ емес.  Мысалға, артқы есіктен кіріп қыз ұзату, аулаға той жасау, құдалық өткізу, ас беру, туған күн тойлау сияқты басқа да іс-шаралар толып жатыр. Оған өздеріңіз де, көптеген азаматтар да куә. 

Осындай шараның соңында кемінде 20-дан адам ауруханаға түсіп, қаза болып жатқандар да мәлім.

Ең алдымен жеке басымыздың жауапкершілігі, отбасымыздың алдындағы және қоғам алдындағы жауапкершілік болу қажет.

Заң тарапынан жауапкершілік қарастырылған. Бекітілген санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзған жеке тұлғаларға - 83 000, заңды тұлғаларға - 600 мыңнан астам айыппұл салынады.

 

 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif