Грузиядан өкпені жасанды желдетуге арналған 10 аппарат жеткізілді

Нұр-Сұлтан медициналық мекемелері арасында таратылады

Фото: ҚР СІМ

Грузиядан өкпені жасанды желдетуге арналған 10 аппарат жеткізілді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Бүгін Тбилисиден Алматыға «Грузияның индустриялық тобы» директорлар кеңесінің төрағасы Давид Бежуашвилидің атынан Нұр-Сұлтан медициналық мекемелері арасында таратылатын өкпені жасанды желдету аппараттарының 10 жиынтығын қамтитын гуманитарлық жүк жеткізілді. 

Қазақстан СІМ достас Грузия халқына, «Грузия индустриялық тобының» басшысы Давид Бежуашвилиге коронавирус пандемиясымен күресте көрсеткен қолдауы үшін алғысын білдіреді.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif