Ералы Тоғжанов: Аймақтарда блок-бекеттер қойылмайды

Вице-премьер екі апталық қатаң карантин себебін түсіндірді

Фото: ortcom.kz

Қазақстанда 5 шілдеден бастап карантин шаралары екі аптаға қатаңдатылатыны белгілі болды. Дегенмен төтенше жағдай кезіндегідей өңірлерде блок-бекеттер қойылмайды. Бұл туралы эпидемиологиялық ахуалды тұрақтардыруға бағытталған шектеу шаралары жөнінде түсініктеме берген ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов айтып  өтті. Қазіргі күн тәртібінде тұрған негізгі мәселе –  медициналық мекемелердің КВИ-мен ауырғандарды емдеуге арналған жатын орын санын арттыру. Ал қатаң карантин талаптарын бұзған жеке тұлғалар – 83 мың, заңды тұлғалар 600 мыңнан аса айыппұл арқалайтын болады. 

Вице-премьердің пайымдауынша, елімізде коронавирус инфекциясының кең таралуына халықтың ескертуге құлақ аспай, немқұрайлы қарауы да себеп болып отыр. 

«Әлем бойынша бұл індетті 10 миллионнан аса адам жұқтырып, 500 мыңнан аса адам қайтыс болса да, біздің ел той тойлап жүр, бетперде киюді ұят санайтындары да жоқ емес. Мысалға, тығылып той жасап, артқы есіктен қыз ұзату, аулада құдалық өткізу, ас беру тиылмай тұр. Осындай әр шараның соңында кемінде 20 адам ауруханаға түсіп, біразы қаза болып жатқаны мәлім. Мемлекет басшысы айтқандай, қазір той тойлайтын емес, ой ойлайтын кезең», – деді вице премьер. 

Сонымен қатар Ералы Тоғжанов әр адамның жеке жауапкершілігінен бөлек, заң тұрғысынан да жауапкершілік қарастырылғанын еске салып өтті. Бекітілген санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзған жеке тұлғаға – 83 000, ал заңды тұлғаларға 600000 астам айыппұл салынады. 

Ал "аймақтар арасында арасында блок-посттар қойыла ма?" деген сауалға Тоғжанов қазіргі кезде оған еш қажеттілік жоқ екенін айтып өтті. 

Белгіленген 14 күндік карантин бойынша мониторинг жүргізіліп, қорытынды шығарылады.

«Нәтиже бермеген жағдайда шектеу шаралары бойынша қосымша шешімдер қабылданады», – деді ҚР Премьер-министрінің орынбасары.

Қазіргі күн тәртібінде тұрған негізгі мәселе –  медициналық мекемелердің КВИ-мен ауырғандарды емдеуге арналған жатын орын санын арттыру.

Мемлекет басшысының тапсырмасына орай, шілде айының соңына дейін, инфекциялық, провизорлық орын саны 50%-ға өсіп,  42 мыңға жетеді. Тамыз айына дейін ПЦР-тесттермен қамту тәулігіне 30 мыңнан 39 мыңға жеткізілетін болады.

Бүгін мемлекеттік комиссия 5 шілдеден бастап бірқатар шектеу шараларын енгізу туралы шешім шығарған. Соған сәйкес, сұлулық салондары, шаштараз, спорт залдары, фитнес орталықтар, бассейндер, азық-түлік және азық-түліктік емес жабық базарлар, жағажайлар, аквапарктер, мәдениет нысандары, музейлер, көрмелер, форумдар, конференциялар және өзге де ұйымдастырылған бұқаралық іс-шаралар, ойын-сауық орталықтары, мектепке дейінгі балалар мекемелері (кезекші топтардан басқа), діни нысандардың және т. б. (СОСО-дағы ойын-сауық орталықтары, ойын-сауық нысандары (караоке, бильярд, компьютер клубтары, боулинг орталықтары), кинотеатрлар, балаларды сауықтыру лагерлері, фудкорттар, банкет залдары) жұмысы уақытша тоқтайды. 
 


 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif