Елімізге көмекке Ресейлік дәрігерлер келді

32 адамнан тұратын топқа эпидемиолог пен вирусолог дәрігерлер кірді

Фото: Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми Telegram каналы

COVID-19 коронавирустық індетіне қарсы іс-қимыл бірлескен іс-шаралар және ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің РФ Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустинмен келісімдері шеңберінде Ресей ТЖМ арнайы рейсімен Нұр-Сұлтан қаласына Ресейдің Денсаулық сақтау министрлігінің және Роспотребнадзордың бір топ дәрігерлері келді. Бұл туралы Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми Telegram каналы хабарлады.

32 адамнан тұратын топқа эпидемиолог, вирусолог және басқа да бейінді бағыттардағы дәрігерлер кірді.
Ресейлік мамандар қазақстандық дәрігерлерге коронавирустық індет пандемиясымен күресуде консультациялық және практикалық көмек көрсететін болады. 

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі коронавирус пандемиясымен күресте көрсеткен қолдауы үшін Ресей Үкіметі мен достас халқына алғысын білдіреді.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif