Елімізде әуе рейстері арқылы 400 мыңнан астам жолаушы тасымалданды

Осы жылдың 1 мамырынан бастап

Фото: Shutterstock

Елімізде әуе рейстері жандана бастаған 1 мамырдан бері 400 мыңнан аса жолаушы тасымалданды. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 


Елімізде ағымдағы жылдың 1 мамырынан бастап азаматтық авиация саласы өз қызметін кезең-кезеңімен жандандырып келеді.


ҚР Президенті жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия мен коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия шешімдері негізінде биылғы 1 сәуірінен 1 мамырына дейін барлық тұрақты ішкі әуе рейстерін, атап айтқанда 45 бағыт бойынша апта сайын атқарылатын 540 рейс тоқтатылды.

Сондай-ақ, 2020 жылғы 3 ақпанынан бастап 97 бағыт бойынша аптасына 440 халықаралық әуе рейсі немесе барлық халықаралық ұшулардың 99% қысқартылды.

Қалыптасқан жағдай жолаушылар ағыны көрсеткішіне тікелей әсер етті. Отандық әуе компаниялары тасымалдаған жолаушылар саны биылғы қаңтар-маусым айларында 2,1 млн. адам болды. Бұл 2019 жылғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда 43% төмен (3,7 млн. адам).

Бүгінгі таңда ішкі рейстер бойынша аптасына 45 бағытта 497 рейс қайта жаңғыртылды. Жалпы 1 мамырдан бастап 400 мыңнан астам жолаушы тасымалданды.

Ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 11 маусымдағы шешіміне сәйкес Министрлік Түркиямен (а.ж. 20 маусымда) және Оңтүстік Кореямен (а.ж. 22 маусымда) халықаралық әуе рейстерін қайта бастау мәселесін пысықтады. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 1 тамызынан бастап Таиланд пен Грузияға рейстерді қайта ашу жоспарланып отыр.

Ұшулар Көліктегі бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес санитарлық қауіпсіздіктің жоғары шаралары жағдайында орындалады.

Түркия Денсаулық сақтау министрлігі қабылдаған коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралары шеңберінде 2020 жылғы 4 шілдеден бастап ел аумағына Қазақстаннан рейстердің кіруін шектеу туралы шешім қабылдады. Тек Түркия азаматтары мен жұмысқа және Түркияда тұруға рұқсаты бар жолаушыларға кіруге болады. Түркия жағы эпидемиологиялық жағдай жақсарған кезде бұл шектеу алынып тасталатынын хабарлады.  

ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 24 маусымдағы қаулысына сәйкес Венгрия, Үндістан, Германия, Чехия, Малайзия, Египет, Украина, Польша, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан елдеріне тұрақты рейстерді орындауға рұқсат етіледі. Осыған байланысты, Министрлік ҚР Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес аталған елдермен рейстерді қайта ашу мәселесін пысықтауда.

Әуе көлігі инфрақұрылымын дамыту бағытында биыл Түркістан қаласында жаңа халықаралық әуежайды іске қосу жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда Өскемен қаласы әуежайының ұшу-қону жолағын жаңарту жұмыстары басталды. Сондай-ақ, Шымкент қаласындағы әуежайдың жаңа терминалының құрылысы және Орал қаласы әуежайының аэровокзалы кешенін жаңарту жұмыстары жалғасады.

Ішкі туризмді дамыту шеңберінде қаржыландыру бөлінген жағдайда Үржар және Үшарал қалаларындағы әуежайдың тағы екі үшу-қону жолағы жаңартылады.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif