Елімізде Duolingo және IELTS INDICATOR онлайн тест сертификаттарын қабылдауға рұқсат берді

Жарияланды
Бұл магистратура мен докторантураға түсу үшін

Пандемияға байланысты ҚР Білім және ғылым министрлігі магистратура мен докторантураға түсу үшін Duolingo және IELTS INDICATOR онлайн тестілердің сертификаттарын қабылдауға рұқсат берді. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің ресми Telegram каналы хабарлады.

*Duolingo English Test және IETLS Indicator прокторингтің заманауи жүйелерін пайдаланады. Тестілеу көшіріп алуға мүмкіндік бермейтін ақпараттық жүйелер арқылы өткізіледі.

*Магистратураға түсу үшін халықаралық сертификаттарды ұсынуға немесе кешенді тестілеу (КТ) барысында шет тілінен тест тапсыруға болады. IELTS INDICATOR бойынша шекті балл 6,0-дан кем емес, Duolingo English Test бойынша – 95-тен кем емес болуы қажет.

*Докторантураға түсу үшін шет тілін меңгергендігін растайтын сертификат міндетті болып табылады. IELTS INDICATOR бойынша шекті балл – 5,5-тен кем емес, Duolingo English Test бойынша – 85-тен кем емес болуы қажет.

*IELTS INDICATOR сертификатының қолданылу мерзімі 2 жылды құрайды, ал Duolingo English Test сертификаты 1 жылға дейін жарамды. 
 

Сондай-ақ оқыңыз