Электрондық еңбек биржасы арқылы 281 мың адам жұмысқа орналасты

1 млн 338 мың адам «Еңбек нарығы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне енгізілді

Фото: Shutterstock

ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминннің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында әлеуметтік-еңбек саласындағы Президент тапсырмаларын іске асыру туралы баяндады. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналы хабарлады.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында тұрақты жұмыс орындарын ұлғайту қажеттігін айтты.

Бұл тұрғыда ЕХӘҚМ «Жұмыспен қамту жол картасы» мен басқа да мемлекеттік бағдарламаларды құру әлеуетін қайта қарауды ұсынады. Б. Нұрымбетовтің айтуынша, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша жергілікті атқарушы органдар 53 млрд теңге үнемдеген.

Сол қаражатты:

*тұрақты жұмыс орындарын құратын жаңа жобаларға бағыттау;

шағын және орта бизнеске, тұрақты жұмыс орындарын құру мақсатында, шағын өндірістер құру үшін несиелеуге пайдалану ұсынылады.

Б. Нұрымбетов мемлекеттік бағдарламаларда жұмыс орындарын құру бойынша сапалық және сандық көрсеткіштерді қайта қарау қажеттігін атап өтті. Ұлттық экономика министрлігі және орталық мемлекеттік органдарға жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп бір апта мерзімде ҚР ЕХӘҚМ-ге мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде өңірлерде жұмыс орындарын құрудың жаңа көрсеткіштері бойынша ұсыныстар енгізу тапсырылды.

Сонымен қатар Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қ. Тоқаев бірыңғай әлеуметтік төлемді алғаш рет төлеген адамдарды табысты жұмыспен қамтуды және «Электронды еңбек биржасын» бірыңғай портал етуді тапсырды.

 «Төтенше жағдай кезінде бірыңғай әлеуметтік төлемді алғаш рет төлеген 1 млн 338 мың адам «Еңбек нарығы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне енгізілді, Жұмыспен қамту орталықтары тиісті жұмыстарды атқаруда. Бүгінге 68 949 адам жұмыспен қамту бағдарламасына қатысуға ниет білдіріп, 30 325 адам жұмыспен қамтылды», — деді министр.

«Электронды еңбек биржасы» сәтті жұмыс істеуде. Осы жылдың өзінде 281 мың адам электрондық еңбек биржасы арқылы жұмысқа орналасты.

Қорытынылай келе, Б. Нұрымбетов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі электрондық еңбек биржасын жетілдіру шараларын, оның ішінде электрондық проактивті түрде қызмет көрсету тетіктері, онлайн-қызметтер, электрондық еңбек шарттарын тіркеу, Жаңа мамандықтар атласын енгізу және тағы басқа құралдарды жедел енгізу жұмыстарын жүгізетіндігін айтты.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif