Дәріханаларға дәрі-дәрмек қашан жеткізіледі

Жарияланды
138,8 миллион теңгеге 59 дәрі түрі сатып алынған

Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету – тегін амбулаторлық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша бекітілген бұйрыққа сәйкес амбулаторлық деңгейде жүзеге асырылады. Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова мәлімдеді, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

Бүгінде коронавирус инфекциясымен ауырған науқастарды емдеу үшін 138,8 миллион теңгеге 59 дәрі түрі сатып алынған. Аталмыш дәрілік заттар барлық өңірге жеткізілді. 

Медициналық ұйымдарда «Лопиновир», «Ритонавир» және «Гидроксихлорохин» дәрілері бар. «Ремдесивир» дәрісін сатып алу жұмыстары аяқталды, келісім шарт жасалды, енді жақын күндері бұл дәрі стационарларға жеткізіледі. 

Бұл дәрі коронавирустың күрделі түрін емдеуге аса қажет. Сонымен қатар, біз «Фавипиравир» дәрісін емдеу шараларына қосқаннан кейін, ол да жақында сатып алынатын болды. Бірнеше өндірушілермен келіссөздер жүргізілді.
 

Сондай-ақ оқыңыз