Дәрі-дәрмектерді пайда көзіне айналдырғандар қатаң жазаланады

Елімізде қажетті дәрі-дәрмектерді толықтыру үшін шаралар қабылдануда

Фото: Shutterstock

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов бирифинг кезінде  дәрі-дәрмек нарығын ақша табу көзіне айналдырғандар қатаң жазаланатындығы туралы айтты. Бұл турал CORONAVIRUS2020.KZ Telegram каналы хабарлады.

 «Шымкент қаласында осындай пиғылмен жұмыс жасаған бір азамат қолға түсті. Сондықтан осындай нақты іс-шаралар  бүкіл Қазақстан бойынша жүргізілетін  бүкіл азаматтардың бәріне, әсіресе осы дәрі-дәрмектің айналасындағы жағдайды ескере отырып, пайда тауып қалуды көздейтін азаматтарды ескертіп айтқым келеді», -деді Ералы Тоғжанов.

 «Бұл тікелей Президенттің қарауындағы сұрақ. Сондықтан осы жағдайды ескеріңіздер. "Кемедегінің жаны бір ғой", сондықтан бір-бірімізді қолдап, бір-бірімізге нақты шешімі бар жолдармен жүргеніміз дұрыс болар»,-деді ҚР Премьер-министрінің орынбасары.

Елімізде қажетті дәрі-дәрмектерді толықтыру үшін шаралар қабылдануда.

 «Халықты толғандыратын мәселелер аз емес. Оның ішінде негізгі мәселе - дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету. Қазақстанда 8 мыңнан аса дәріхана бар. Отандық өндіріс есебінен олардың барлығын қамтамасыз ету деңгейі 13 % деңгейінде, қалғанын сырттан, импорт арқылы енгізіп отырмыз»,-деді Ералы Тоғжанов.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, қажетті дәрі-дәрмектермен толықтыру үшін мынадай шаралар қабылданады:

*Бір тәулік ішінде дәрілік заттарды әкелуге біржолғы рұқсат беруге өтінімдер қаралуда.

*Дәрі-дәрмектерді сертификациядан және сертификат берудің жеделдетілген рәсімдері қолданылды.

*Әкімдіктермен бірлесіп көтерме сауда қоймаларын, дәрі-дәрмектердің қоры және бағасын көтермелеуге жол бермеу үшін жеке дәріханаларды аралап өтетін арнайы мониторингтік топтары құрылды. 

*Қызуды төмендететін антибактериалды вирусқа қарсы препараттармен емдеуді тек емдеуші дәрігердің ұсынысымен жүзеге асырударыңызды сұраймыз.

Назар аударатынымыз, өз бетімен емделу өздеріңіз де қауіпті екенін білесіздер.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif