Бүгіннен бастап Медеу, Бутаков, Алма-Арасанға кіруге тыйым салынады

Тұрғындарға  карантин кезінде тауға бармауға кеңес беріледі

Фото:kursiv.kz

Эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты және коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында Алматы әкімдігі 14 шілдеден бастап күшейтілген карантин режимі аяқталғанға дейін ұлттық парк, туристік нысандарға (Медеу, Бутаков, Алма-Арасан) кез келген көлік түрінің кіруіне тыйым салды, деп ҚазАқпарат хабарлады.

Сондай-ақ аталған аумақтарда осы ережелерді қатаң ұстана отырып жаяу және велосипедпен серуендеуге тек жұмыс күндері рұқсат етіледі: 

1. Өзімен бірге азық-түлік (сусыннан басқа) әкелуге, отырыс ұйымдастыруға және от жағуға қатаң тыйым салынады; 

2. Парк аумағында үш адамнан артық топтасуға болмайды; 

3. Санитарлық нормаларды және әлеуметтік арақашықтықты ұстану қажет (маска кию, адамдар арасында қашықтық сақтау).

Демалыс күндері (сенбі және жексенбі) Ұлттық парк аумағы келушілер үшін толығымен жабық болады. 
Карантин шараларының сақталуын ТЖД, құқық қорғау органдары, СЭС және Ұлттық парк қызметкерлері бірлесіп қадағалайды. Жоғарыда көрсетілген ережелерді бұзған азаматтар парк аумағынан шығарылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

 Қала тұрғындарына карантин кезінде тауға бармауға кеңес беріледі.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif