Биыл киім тігу өнеркәсібі 8% артты

Жеңіл өнеркәсіп саласында 1130 кәсіпорын жұмыс істейді

Фото: ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналы

2020 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша жеңіл өнеркәсіп саласындағы өндіріс көлемі 8% - ға өсті. Тоқыма бұйымдарының өндірісі 8,4% - ға, былғары өнімдері 6,6% - ға және киім өндірісінде 2,1% - ға өсім байқалады. Саладағы оң нәтиже мақта талшығы, дайын тоқыма бұйымдары, сыртқы киім, бас киім, шұлық бұйымдары мен аяқ киім өндірісінің ұлғаюы есебінен орын алды. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналы хабарлады.

Жалпы алғанда, көбіне отандық өндірушілер қорғаныс саласы мен арнайы киімдер тапсырысын орындауда. Осылайша өндіріс ошағында шығарылатын өнім сұранысқа ие болып, кепілді сатылымды қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы тұрғындарды бетперделермен қамтамасыз ету мақсатында өндіріске 70-тен астам тігін кәсіпорындары қосылды: «Dalatex» ЖШС (Қызылорда қ.), «Большевичка» ЖШС (Қостанай қ.), «Эко-Фарм» ЖШС (Шымкент қ.), «Ас Фарм» ЖШС (ШҚО), «Тыныс» АҚ (Көкшетау қ.), «Қазлегпром» ЖШС (Алматы қ.), «Жанарыс» ЖШС (Маңғыстау обл.) және т.б. Олар тәулігіне дәке мен бөзден 700 мың бетперде шығарады.

Тігін кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында «Azala Textile» ЖШС дәке шығаратын 9 станок іске қосылды, шығару көлемін 8 есеге 1,2 мың қ.м. - ден тәулігіне 10,0 мың қ. м. - ге дейін арттырды. Өндірістік цикл мемлекетаралық стандартқа сәйкес жолға қойылған. Сондай-ақ, кәсіпорын тығыздығы төмен тазартылған мақта матасын шығарады.

Ақпан айында тоқыма өндірісін дамыту мақсатында Қазақстан Республикасында мақта-тоқыма кластерін құру жөніндегі жол картасы әзірленіп, ҚР Премьер-Министрінің өкімімен бекітілді. Сондай-ақ, "Альянс" СӨК (бұрын "Ютекс" АҚ, "Меланж" АҚ) және "Azala Textile" ЖШС тоқыма кәсіпорындарын "Оңтүстік" АЭА қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде. (Қазақстан Республикасы қаулысының жобасы ПМК-не қарауға енгізілді).

Бүгінде "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағының инвестициялық портфелі жалпы құны 89,84 млрд.теңге болатын 42 жобадан тұрады, олар 3439 жұмыс орнын құруды көздейді, оның ішінде жеңіл өнеркәсіпке жалпы құны 56,37 млрд. теңге болатын 34 жоба жатады, 2921 жұмыс орнын құру көзделген.

Қазіргі уақытта жеңіл өнеркәсіп бағытында 15 жоба іске асырылды. Инвестиция көрсеткіші 28,986 млрд. теңге, сондай-ақ 1435 жұмыс орны ашылды.

Сонымен қатар, 2020-2022 жылдары қолданыстағы жобаларды кеңейтуді ескере отырып, 1486 жұмыс орнын құрумен жалпы құны 27,384 млрд.теңге болатын 19 жобаны іске қосу жоспарланған.

Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдар үшін жеңіл, жиһаз өнеркәсібі мен құрылыс материалдарын мемлекеттік сатып алуда жергілікті қамту бойынша нысаналы индикаторлар белгіленген. Жеңіл және жиһаз өнеркәсібінің тауарлары 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап мемлекеттік сатып алу алдын ала біліктілік іріктеумен конкурс тәсілімен өткізілетін тауарлар, жұмыстар мен қызметтер тізбесіне енгізілген. Мемлекеттік сатып алуда алдын ала біліктілік іріктеуден өту кезінде Индустриялық сертификат беру бойынша талап көзделген.

Әлеуетті қауіпті өнімді әкелуді және өткізуді шектеу мақсатында жеңіл өнеркәсіп тауарлары оларға қатысты шартты шығаруға жол берілмейтін тауарлар тізбесіне енгізілген. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде 2 жыл мерзімге шұлық бұйымдарына, жүннен басылған аяқ киімге, кеңселік металл және ағаш жиһазға, цементтерге ұлттық режимнен алу орнатылды.
Бүгінде жеңіл өнеркәсіп саласында 1130 кәсіпорын жұмыс істейді, оның 97% -шағын кәсіпорындар, салада жұмыс істейтіндердің саны 17,9 мың адамды құрайды.

ЖІӨ – дегі жеңіл өнеркәсіптің үлесі 0,1% – ды құрайды, өндірістің жалпы көлемінде-0,4% - ды, өңдеуші өнеркәсіп көлемінде-1% - ды құрайды.


 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif