Алматыда медикаменттер  өндіру бойынша фармацевтикалық кластер құрылады

Жарияланды
Бұл импортқа тәуелді болмау үшін жасалуда

Халықты дәрілік препараттармен уақтылы қамтамасыз ету мақсатында Алматы қаласының әкімдігі бірқатар қосымша шараларды қабылдады. Бұл туралы онлайн-брифинг барысында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев айтты.  Бұл туралы Алматы әкімдігінің Telegram каналы хабарлады.

Қалада дәріханалар мен ауруханаларды дәрілердің қажетті қорымен қамтамасыз ету үшін кешенді жұмыстар жүргізілуде. Осыған байланысты Алматыда бюджеті 5 млрд тг болатын қалалық тұрақтандыру қоры құрылды. Қордың басты қызметі препараттарды жеткізу тоқтап қалған жағдайда шұғыл түрде әрекет етуге арналған қажетті резерв құру болып табылады.

Қосымша, Алатау «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының аумағында фармацевтикалық өндіріс реттелуде.

 «Қалада медикаменттер мен жеке қорғаныс құралдарын отандық өндірушілердің өндіруі бағытында да жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, жыл соңына дейін, фармацевтикалық кластерді құру жоспарлануда. Осының бәрі импортқа тәуелді болмау үшін жасалуда», — деді Сапарбек Тұяқбаев.

Сондай-ақ оқыңыз