Алматыда қоғамдық көліктер сағат 22.00- ге дейін жүреді

Жарияланды (жаңартылды )
Демалыс күндері қоғамдық көліктердің жұмысы толығымен тоқтатылды

Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн брифинг барысында Қалалық мобильділік басқармасының басшысы Ерлан Әділов қоғамдық көліктердің қазіргі жұмыстары туралы айтты. Бұл туралы Алматы әкімдігінің Telegram каналы хабарлады.

Қатаң карантин кезеңіне шектеу шараларының енгізілуіне байланысты қоғамдық көліктердің жұмыс режимі жұмыс күндері 22.00-ге дейін қысқарды. Бұған дейін, қоғамдық көліктердің жұмысы 23.00-ге дейін жалғасатын. 

Бұдан бөлек, демалыс күндері қоғамдық көліктердің жұмысы толығымен тоқтатылды, соның ішінде коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында метро қызметі де шектеу қойылады.

Барлық қоғамдық көліктерді дезинфекциялау және автобус парктері мен өндіруші базалар аумақтарын өңдеу бойынша жоспарлы жұмыстар жалғасуда.

 «Автобустарды дезинфекциялау жұмыстары күнделікті жүргізіледі, орташа есеппен күндізгі уақытта соңғы аялдамаларда 4 рет, қанша рейс жасағанына байланысты», — деп атап өтті Басқарма басшысы.

Сонымен бірге, Е. Әділов қоғамдық көліктерде адамдардың топтасуына байланысты жағдайға түсініктеме берді. Қазір Басқарма тарапынан адамдардың қай кезде көп болатынын және алдағы уақытта қанша қосымша автобус қосу керектігін анықтау үшін қоғамдық көлік қозғалысына мониторинг жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыз