Алматы облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қайрат Баймұхамбетов қайтыс болды

Ол 57 жасында көз жұмды

Фото: 24.kz

Алматы облысының бас санитарлық дәрігері Қайрат Баймұхамбетов пневмониядан қайтыс болды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.


  «Бүгін Қайрат Қажыманұлынан айырылып қалдық (...) Пневмония», - деді Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел. 


Алматы облысының әкімі Амандық Баталов марқұмның жақындарына көңіл айтты. 


   «Қайрат Қажыманұлының туған-туыс жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Ол Гиппократ антына берік болып, індетпен күрес кезінде көз жұмды. Иманды болсын», - деп жазды Амандық Баталов Facebook парақшасында. 


Қайрат Баймұхамбетов 16 қаңтар 1964 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 2019 жылдың 23 мамырынан бастап Алматы облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қызметін атқарады. 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif