Алматы әкімдігі дәріханаларға дәрі-дәрмектің жеткілікті мөлшерде жеткізілгенін хабарлады

Дәрі-дәрмектің жетіспеушілігі маусым айында басталды

Фото: Michal Jarmoluk/Pixabay

Алматы қаласының дәріханалары мен дәріхана қоймаларында сұранысқа ие он дәрінің жеткілікті қоры бар. Бұл туралы 13 шілдеде өткен брифингте қала әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев мәлімдеді, деп хабарлайды «Интерфакс». 

   «Осыдан 2 апта бұрын пандемияға байланысты жекелеген дәрілерге сұраныс едәуір өсті. Парацетамолды қаланың жалпы тұтынуы мамыр айында 50 мың болса, соңғы екі аптада күніне 100 мың сатылды. Жыл бойы темометрдің 100 мыңы саудаланса, 2-3 күнде 50 мың темометр сатылып кетті. Тұтынудың, сұраныстың өсуіне байланысты да тапшылық туындап отыр. Қазір мәселені тұрақтандыру үшін күніне 2 рет мониторинг жасап отырмыз. Бастапқыда дәріханалардың инфрақұрылымы сұранысқа дайын емес болатын. Мәселе шешілді. Қазір соңғы 1 аптада үлкен дүрлігу жоқ. Одан бөлек күнделікті бүкіл компанияларда, дәріханалар қоймасында да дәрінің біздегі қорына мониторинг жасап отырмыз. 846 мың дана дәрі бар», - деді Сапарбек Тұяқбаев.

Қала әкімінің орынбасары Алматыға 1 ай ішінде тағы  3 млн 685 дәрі-дәрімек жеткізілетінін атап өтті. 

 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif