"Ақтөбе-Атырау-Астрахань" тасжолы ашылмақ

Ірі түйіршікті асфальт-бетоннан жасалған жол жабындысы жаңартылуда

Фото: ҚР ИИДМ

Республикалық маңызы бар 160-220 "Ақтөбе-Атырау-Астрахань" автомобиль жолын қайта жаңарту жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады. 

Жолдың 60 шақырымындағы жұмыстарды жолшылар жоспарға сәйкес орындап жатыр. 


Қазіргі таңда мұнда ірі түйіршікті асфальт-бетоннан жасалған жол жабындысының төменгі және жоғарғы қабаттары жаңартылуда. Аталмыш жұмыстар аяқталған соң ені 9 метрді құрайтын қозғалыс бөлігі бар тасжол ІІ техникалық санаттағы жолға сәйкестендірілетін болады. Жолдың осы учаскесіндегі жұмыстарға шамамен 175 адам мен техниканың 116 бірлігі жұмылдырылған. Жол учаскесіндегі құрылыс-монтаждау жұмыстарын Todini Costruzioni Generali S.p.A. мердігерлік компаниясы, техникалық бақылау шараларын «Consult Enginering» және «ZS Enginering» компаниялары жүзеге асыруда. 


Жалпылай алғанда, биыл Ақтөбе облысында «Ақтөбе-Атырау-Астрахань» тасжолының 154 шақырымында қозғалыс ашылмақ.

Бұл - жолдың 160-220, 236-275 және 275-330 шақырымдарының аралығы. 


Еске салайық, өңірдегі республикалық маңызы бар жолдардың ұзындығы 1892 шақырымды құрайды. Жолдардың шамамен 70% жақсы және қанағаттандырарлық жағдайда.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif