5 шілдеден бастап бірнеше жолаушы пойызы тоқтатылады

«Алматы-Сарыағаш» бағытындағы пойыздың жүруі уақытша тоқтатылады

Фото: Аскар Ахметуллин

5 шілдеден бастап пойыздардың жүруі тоқтатылу туралы "Жолаушылар тасымалы" АҚ бас директорының міндетін атқарушы Асылхан Қалдыкөзов айтты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

Ағымдағы жылғы 5 шілдеден бастап «Алматы-Сарыағаш» (№321/322) бағытындағы пойыздың жүруі уақытша тоқтатылады.

4 бағыт бойынша пойыздардың жүру кезеңділігі қысқартылады:
• "Алматы-Нұр-Сұлтан" (№3/4) күнара (күнсайынның орнына);
• "Алматы-Павлодар" (№31/32) күнара (күнсайынның орнына);
• "Нұр-Сұлтан-Өскемен" (№67/68) күнара (күнсайынның орнына);
• "Нұр-Сұлтан-Достық" (№257/258) аптасына 1 рет (аптасына 2 рет орнына).

Бұдан басқа, бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес 22 бағыт бойынша қала маңындағы пойыздардың қозғалысы уақытша тоқтатылады, 8 бағыт бойынша жалпы вагондар алынып тасталады, 6 «Talgo» пойызында отыруға арналған орындары бар вагондар жабылады.

 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif