1 қыркүйектен бастап оқушылар қашықтан оқитын болады

Күз айларында ЖРВИ-дің таралатын уақыты

Фото: Shutterstock

1 қыркүйектен бастап мектептер қашықтан оқитын болады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды coronavirus.kz.  

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша күз айларында ЖРВИ-дің таралатын уақыты. Сондықтан, осындай мәселелерді саралай келе, шешім қабылдадық. 1 қыркүйектен бастап еліміздегі барлық мектептер қашықтан оқыту форматында оқитын болады. Бұл өте күрделі шешім. 

Мұндай шешімді қабылдамас бұрын ең алдымен, сарапшылармен ақылдасып, ата-аналардың пікірлерін тыңдадық. Халықаралық тәжірибеге де назар салдық. 

Ең басты мәселе – балалардың, ата-аналардың, педагогтердің денсаулығы. 

Сол себепті, осындай шешім қабылдап отырмыз. 1-11 сынып тұтас қашықтан оқитын болады. 1 қыркүйекке дейін тиісті жағдайды жасап беруіміз керек.

Біріншіден, қашықтан оқытуды енгіземіз дегенмен де, еліміздегі шалғай жатқан ауылдарда шағын мектептер бар. Мұндай мектептерде 5, 10, 15 баладан оқиды және мектепке жаяу барып келеді. 

Осындай шалғайдағы қауіп жоқ өңірлерде орналасқан мектептерде штатты режимде оқыту жұмыстарын ұйымдастыруға мүмкіндік беріп отырмыз. 

Екінші мәселе, бастауыш сыныптардың оқушыларына қатысты. Егер осы бастауыш сыныптарға қатысты ата-аналардың өтініші болса, біз уақытша сыныптарды ашып беруге дайынбыз. Оған әрине, тиісті жағдай жасалуы қажет.

Барлық санитарлық талаптарға сай жұмыс жүргізілетін болады. Оның ішінде бала таңертең сабаққа келгенде оның дене қызуын өлшеу, зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізу, сыныптарды бірнеше ауысымға бөлу мәселесін қарастыратын боламыз.

 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif