Жыл соңына дейін Үкімет кәсіпкерлерге қандай жеңілдіктер жасайды?

Орта және шағын бизнесті қолдау жалғаса бермек

Фото: pixabay.com

Үкімет кәсіпкерлерді қолдауын тоқтатпайды. Бизнес өкілдеріне салықтық жеңілдіктер жасау көмегі жыл соңына дейін жалғаспақ. Яғни, 2020 жыл тәмам болғанда бизнестің барлық категориясындағы субъектілер үшін жаңа жоспарлы салықтық тексерулер жүргізілмейді. 


Еске салсақ, президент жарлығымен жыл басынан бері шағын және микрокәсіпкерлікті тексеру және профилактикалық бақылау жүргізуге мораторий жарияланған болатын. Сонымен қатар тікелей президенттің бекітуімен 2020 жылдың 1 қаңтарынан үш жылға дейін кіші және шағын бизнес субъектілері салықтан босатылған. Экономиканың әр саласында салық, еңбекақы қорынан төленетін әлеуметтік төлем және мүлік салығы бойынша мөлшерлемелер 2020 жылдың 1 қазанына дейін күшін жойды. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер үшін салынатын салық та тоқтатылды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары үшін салынатын қосымша құн салығы да 1 қазанға дейін 12 пайыздан 8 пайызға дейін төмендетілді.

 
    «Бизнес-қауымдастықтар және кәсіпкерлердің шағымы бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың актілерін тоқтату немесе жою бойынша механизм енгізу ұсынылды. Яғни, бизнеске кедергісін келтіретін шешім жылдам жойылады немесе түзетіледі. Бұл бақылау мен қадағалаудан түсетін салмақты азайту үшін. Бұл жоспарлы тексеруден «кәсіпорын диагностикасына» көшу әдісі. Мұндай диагностика жауапкершілікке тартусыз жүргізіледі және жоспарлы тексерістер санын азайтады» деген еді ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов үкімет отырысында. 


Министрлік ұсынған мәліметке сүйенсек, 2019 жылы шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 30,8 пайызды құраған. Ал өндіріс көлемі 31,2 трлн теңгеге жеткен. Қазір біз үшін маңыздысы бизнес-климатты жақсарту. Сол мақсатта салықтық ынталандыру, тексеруді азайту және несиелеуді кеңейту бойынша бастамалар қолға алынды деді Дәленов. Егер бәрі ойдағыдай жүзеге асса 2025 жылы шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 35 пайызға жетуі тиіс. 


Қаржы нарығын бақылау және дамыту агенттігінің басшысы Мәдина Әбілқасымованың айтуынша, 16 наурыз бен 15 маусым аралығында несиені кейінге шегеру мүмкіндігін 1,8 млн қарыз алушы пайдаланған. Төлеу мерзімі кейінге шегерілген қаржы көлемі – 268 млрд теңге. Ал несиені қайта құрылымдау үшін 12,4 мың шағын және орта бизнес өкілі банктерге өтініш білдірген. Қайта құрылымдалған қаржы көлемі – 165 млрд теңге. 


    «ТЖ режимінің аяқталғанына қарамастан шағын және орта бизнес кәсіпорындары толық көлемде жұмысқа кірісе алмай жатыр. Тауар мен қызметке деген сұраныс біршама азайған, айналым көлемі құлдыраған», - деді Әбілқасымова. 


Бұл ретте шағын және орта бизнес үшін несие бойынша төлемді кейінге шегеру мүмкіндігінің тағы да созылғанын айта кету керек. Яғни, 16 маусымнан бастап 15 қыркүйекке дейін аталған бизнес категория өкілдері банк немесе микро қаржылық ұйымға хабарласып, қолдаудың осы түрін пайдалана алады. Несие ұйымы әр жағдайды жеке қарастырып, анық қаржылық қиындықты байқаған жағдайда екі түрлі қолдау түрін ұсынады.

Алғашқысы – қарыз алушының қаржылық жағдайы қалпына келгенге дейінгі уақытқа төлемді шегеру мүмкіндігін ұсыну.

Екіншісі – мемлекеттік бағдарлама аясында жеңілдетілген шартпен несиені қайта қаржыландыру. Мұндай мүмкіндікті бұрын да несие төлемін кейінге шегерген (және шегермеген) барлық шағын және орта бизнес ала алады. 
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif