«Жетібай – Жаңаөзен» жолын қайта жаңарту жұмыстары аяқталуға жақын

Жол жөндеу кезінде  976 адам жұмыспен қамтылды

Фото: ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің телеграм каналы

Маңғыстау облысында автомобиль жолдары саласындағы ірі республикалық «Жетібай – Жаңаөзен» жобасын іске асыру шаралары аяқталуға жақын. Жолдың 2 учаскесінің біріндегі жұмыстар осы жылдың наурызында аяқталған болатын. Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналы  хабарлады.

Қайта жаңарту жұмыстары 2018 жылдан бері Азия Даму банкі қаражатының есебінен іске асырылуда. «Аккорд/Ақжол Құрылыс» БК және «Cengiz Insaat Sanayi ve Ticaret A.S» компаниялары» екі жыл ішінде жұмыстарға 976 адамды жұмысқа тартса, жол-құрылыс техникасының 575 бірлігін жұмылдырды.

Бүгінгі таңда жолдың 0-38 шақырымдары арасында жатқан учаскесінде 20 шақырымдық кедергілік қоршауларды орнатудан басқа жұмыстардың барлығы орындалған. Жоспар бойынша бұл жұмыстар 2020 жылғы 30 маусымға қарай аяқталады деп күтілуде. 35-73 шақырымдар арасындағы жол учаскесінің құрылыс жұмыстарының барлығы аяқталған.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif