Жарты миллион теңге қайтарымсыз грантты алудың жолдарымен таныс болыңыз

Грант «Еңбек» бағдарламасы аясында беріледі

Фото: Shutterstock

Елімізде халықтың әлеуметтік мүмкіндігін қолдауға, олардың бизнесін дамытуға бағытталған бірнеше жобалар жұмыс істейді. Соның бірі – «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдауға бағытталған қайтарымсыз грант жобасы. 


Азаматтар өз бизнес-идеясын жүзеге асыру үшін 500 мың теңгеден сәл жоғары (200 АЕК) көлемде қаражат ала алады. Әрине, тегін қаржылық қолдауға ие болу үшін бағдарлама бекіткен арнайы талаптарды орындау қажет. Ол үшін өз тұрғылықты жеріңіз бойынша халықты жұмыспен қамту мекемесіне барып, мына құжаттарды ұсынасыз: 
•    Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік грант алуға өтініш;
•    Жеке басын куәландыратын құжат; 
•    Оралмандар оралман куәлігін ала келуі керек; 
•    Алдын-ала дайындалған бизнес-жоспар;
•    Бағдарлама шеңберінде оқу курсынан өткенін растайтын құжаттың көшірмесі. 


Қазірдің өзінде осы жобаны 5 мыңнан астам адам пайдаланып, қайтарымсыз гранттарға ие болған. 
    Жалпы, жыл басынан бері дәл осы уақытқа дейін 6,5 мың мүгедектігі бар адам «Еңбек» бағдарламасының арқасында жұмысқа орналасқан. Екі мыңға тұрақты жұмыс тапса, 4 мыңнан астамы уақытша жұмыс істей бастаған. Тағы 29 адам микрокредит алып, 24-і жеке кәсібін бастап та кетіпті. 106 адам қайтарымсыз грантқа ие болып, жеке бизнесін жүргізу мүмкіндігіне ие болған. Соңғы статистикалық дерек бойынша, елімізде мүгедек азаматтар саны – 695 мың. Олардың 424 мыңы еңбекке қабілетті жаста. 112 мың адам жұмыс істеп жүр. 
    Осы жылдың 1 маусымындағы ақпарға сүйенсек, жалпы республикада 224,7 мың адам «Еңбек» бағдарламасына белсенді қатысқан. 184 мың адам жұмысқа орналасса, соның 99 мыңы тұрақты жұмыстың тізгінін ұстаған. Ал жыл басталғалы бері жаппай кәсіпкерлікті дамыту мақсатында 10,4 млрд теңгеге 2 179 несие берілген. Оның басым бөлігін, яғни, 1 963 микрокредитті ауыл кәсіпкерлері еншілепті. Сөйтіп, олар 2 206 жұмыс орнын құрған. Жоғарыда біз атап көрсеткен 200 АЕК мөлшеріндегі қайтарымсыз грант саны – 24 мың. 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif