Жамбыл облысында 220 келіден астам есірткі заты тәркіленді

Жарияланды
Жылдың басынан бері 188 есірткі қылмысы анықталды

«Қарасора-2020» жедел алдын алу іс-шарасы барысында 220 келіден астам түрлі есірткі заттары анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараның 21 күні ішінде облыс бойынша 69 есірткі қылмысының дерегі тіркелген. Оның ішінде: жеті дерек – есірткі сату, сегіз – аса ірі көлемде сақтау, 11 – құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіру.  

Заңсыз айналымнан 220 келіден астам түрлі есірткі заттары, оның ішінде 195 келіден астам марихуана және 25 келіге жуық гашиш тәркіленді.

 Биыл бес ай ішінде 188 есірткі қылмысы анықталды. Оның ішінде: 48 дерек – есірткі сату, 19 дерек – аса ірі көлемде сақтау, үш дерек – есірткі құралдарын насихаттау немесе заңсыз жарнамалау, екі дерек – есірткі құралдары контрабандасы және бір дерек – есірткіні пайдалану үшін притондар ұйымдастыру және ұстау. Заңсыз айналымнан 501 келі түрлі есірткі құралдары, оның ішінде бір келіден астам ауыр есірткі түрі – героин және бір келіге жуық синтетикалық есірткі тәркіленді.

Сондай-ақ оқыңыз