Заң бұзған тұрғыннан 200 литрге жуық алкоголь тәркіленді 

Ол бұл өнімдерді лицензиясыз сатқан 

Фото:Shutterstock

Солтүстік Қазақстан облысындағы  Мамлют ауданының полицейлері кәсіпкерлікпен айналысқан аудан орталығының тұрғынынан 200 литрге жуық алкоголь өнімін тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

 Оның үйінен арақ-шарап өнімдері, коньяк, сыра, ақ қайнар табылды. Мұның бәрін ол лицензиясыз сатқаны, одан басқа кез келген уақытта алкоголь сатып алуға болатыны анықталды.

  «“Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Мамлют ауданының ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің қызметкерлері үй-үйді аралау барысында рұқсат құжаттарынсыз алкоголь сату фактісін анықтады. Алынған алкоголь өнімі 192 литр», – деді аудандық полиция бөлімінің бастығы Серік Әлжанов. 

Ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК 463-бабы бойынша әкімшілік материал жиналып, сотқа жіберілді. 
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif