Ұлттық бірыңғай тестілеу 21 маусымда басталады

Жарияланды
Бұл күні тек тек 6,5 мың талапкер емтихан тапсырады

Биыл ҰБТ-ның алғашқы күні 21 маусымға, жексенбіге түсіп отыр. Бірінші күні тек 6,5 мың талапкер емтихан тапсырады, бұл тестілеудегі ең аз ағындардың бірі. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министірлігінің  баспасөз қызметі хабарлады.

ҰБТ-ның алғашқы күні 161 пунктің 51-і ғана істейді, оның 44-і ауылдық жерлерде орналасқан. Орташа есеппен 1 ҰБТ тапсыру пунктіне 120 адамнан келеді. 

21 маусым мен 5 шілде аралығында тестілеу тапсырылатын ағындардың жалпы саны 15-ті құрайды. ҰБТ өткізілетін әрбір пункте медициналық-санитарлық сипаттағы күшейтілген шаралар қабылданатын болады: дезинфекциялық тоннельден өту, арнайы дезинфекцияланған кілемшеде аяқ киімдерді зарарсыздандыру, дене қызуын өлшеу, қолды зарарсыздандыру сұйықтығымен өңдеу, медициналық маскалар беру. Тестілеуге кіргізу және отырғызу кезінде тестіленушілер арасындағы арақашықтықтың кемінде 2 метр болуы қамтамасыз етіледі, сондай-ақ әрбір аудитория бактерицидтік құралдармен және ауа рециркуляторларымен кезең-кезеңмен желдетіліп, өңделетін болады.

Санитарлық талаптар қатаң сақталады, сондықтан аудиторияны тек 50%-ға дейін толтыруға болады. Сәйкесінше, жобалық қуаттылық ҰБТ-ны 6 күннің ішінде өткізуге мүмкіндік бергенімен, шағын ағындарды жинақтау үшін тестілеу 15 күннің ішінде жүргізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, биыл тестіленушілер үшін бұрын-соңды болмаған жағдай жасалды. Мәселен, алғаш рет калькулятор пайдалануға рұқсат етіліп, талапкерлер үшін тегін байқау сынақтары қолжетімді болды. Сонымен қатар тестілеуді өткізу уақыты 4 сағатқа дейін ұзартылып, түлектер мемлекеттік емтиханнан босатылды.
 

Сондай-ақ оқыңыз