Түркістан облысында тас жолда көлік өртенді

Өрт салдарынан зардап шеккендер  жоқ

Фото: Polisia.kz сайты

Түркістан қалалық жол бойында көлік өртеніп жатқаны туралы  хабарлама түскен, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

 Оқиға орнына шұғыл жеткен полицейлердің анықтауынша, жергілікті тұрғын өзінің “Nexia” маркалы автокөлігімен жол бойында келе жатып, көлігінен түтін шыққанын байқайды. Содан себебін білу мақсатында түсіп, көліктің алдыңғы бөлігін ашқан кезінде автокөлігі өртеніп кеткен.

 Оқиға болған жерге жедел тергеу тобы, Түркістан қалалық өрт сөндіру қызметкерлері келіп, жылдам әрекет етіп, нақты әрекеттер жасалды. Нәтижесінде өрт дер кезінде сөндірілді. Өрт салдарынан зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Аталған оқыс жайт Түркістан ҚПБ-на тіркелді. Тәртіп сақшылары автокөліктің құжаттарын тексеру барысында оның техникалық байқаудан өткенін анықтады.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif