Түркістан облысында көптеген сауда орындары санитарлық ережелерді елемеуде

Тәртіп сақшылыры тұрғындарға карантин режимін түсіндіруде

Фото:kursiv.kz

Түркістан облысы ПД-не қарасты қала, аудандық полиция басқарма, бөлімдердің қызметкерлерінен арнайы мобильдік топ құрылып көпшілік халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты. 

Осы тұста кәсіпкерлерге санитарлық режимді сақтау қажеттігі ескертілді. Ал, қоғамдық орындарға келуші тұрғындарға үнемі бетперде мен қолғап, антисептик секілді санитарлық құрал-жабдықтарды қолданып жүру тиістілігі айтылды. 

Оған қоса, карантин талаптары мен ережелерін елемеген сауда орындары анықталатын болса, тауарлар мен көрсетілетін қызметтер қауіпсіздігін бақылау басқармасы тарапынан әкімшілік жауапқа тартылатыны қатаң ескертілді. Жалпы, өздеріңізге белгілі, Түркістан облысында инфекциялық ауруларды жұқтырған науқастар саны азаймай тұр. Сондықтан өңірде карантин режимі жағдай тұрақтанғанша жалғасады. Түркістан облысының Бас санитариялық дәрігерінің шешіміне сәйкес шектеу шаралары қайта күшейтілді. 

Атап айтсақ; Облыста базарлардың жұмыс режимі дүйсенбі-жұма күндері сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін, ал қоғамдық тамақтану нысандарының (50 орынға дейін) жұмысы әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып дүйсенбі-жұма күндері сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін шектелген. 

Бұл нысандарға сенбі-жексенбі күні жұмыс істеуге тыйым салынып отыр. Сұлулық салондарының, шаштараздардың жұмыс уақыты таңғы 10.00-ден кешкі 20.00-ге дейін шектелді. Қонақ үйлер мен санаторияларды қоспағанда, халыққа қызмет көрсету саласындағы туризм объектілері мен ұйымдарының (демалыс үйлері, туристік базалар, бассейндер, жағажайлар) қызметіне, мектепке дейінгі ұйымдардағы кезекші топтардың жұмысына, білім беру орталықтарының, үйірмелер мен балалар түзету кабинеттерінің жұмысына тыйым салынды.

 Қала ішіндегі қоғамдық көліктің жұмысы санитарлық-дезинфекциялық режимді күшейте отырып, жұмыс күндері таңғы сағат 06.00-ден 10.00-ге дейін және кешкі сағат 17.00-ден 21.00-ге дейін шектелді. 
Ал сенбі-жексенбі күндері қоғамдық көліктердің жұмысы тоқтатылады. Сонымен қатар, жұмыс күндері супермаркеттер мен минимаркеттер және үйдің жанындағы дүкендер сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін, демалыс күндері сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін қызмет көрсетуі тиіс.

Сауда саласында соның ішінде піскен тағамдарды, фастфуд, балмұздақ, сусын сататын дүңгіршіктер тек жұмыс күндері уақыт шектеуімен (дүйсенбі-жұма) сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін қызмет көрсететін болады. Аталған шектеулерді тұрғындар өз бастарының саулығы, денсаулығы үшін сақтауын полицейлер қызметтік көліктерімен, көше-көше, нысандар, үйлерді аралап жүріп түсіндіруде. Ендеше, өздеріңіздің амандықтарыңыз үшін үйде қалыңыздар. Аса қажеттілік болмаса сыртқа шықпаңыздар дей келе, түсіндіру жұмыстарына құлақ асуға шақырамыз.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif