Түркістан облысында карантин режимі сақталады

Демалыс күндері қоғамдық көлік жүрмейді

Фото: Shutterstock

Облыста базарлардың (азық-түлік, азық - түлік емес, автокөлік базарлары) жұмыс тәртібі дүйсенбі-жұма күндері сағат 10:00-ден 16:00-ге дейін, ал қоғамдық тамақтандыру объектілерінің (50 орынға дейін) жұмыс тәртібі әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып сағат 10:00-ден 21:00-ге дейін шектелген. Осы объектілерге сенбі-жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады. Бұл туралы CORONAVIRUS2020.KZ телеграм каналы хабарлады.

*Сұлулық салондарының, шаштараздардың жұмыс уақыты 10:00-ден 20:00-ге дейін шектелген.

*Қонақ үйлер мен санаторийлерді қоспағанда, халыққа қызмет көрсету саласындағы туризм объектілері мен ұйымдарының (демалыс үйлері, туристік базалар, бассейндер, жағажайлар) қызметіне, мектепке дейінгі ұйымдардағы, білім беру орталықтарындағы кезекші топтардың, үйірмелер мен балалардың түзету кабинеттеріндегі жұмысына тыйым салынған.

*Қаланың қоғамдық көлігінің жұмысы жұмыс күндері таңғы сағат 06:00-ден 10:00-ге дейін және кешкі сағат 17:00-ден 21:00-ге дейін шектеледі, санитарлық-дезинфекциялық режим күшейтіледі.
*Сенбі-жексенбі күндері қоғамдық көлік жұмысы тоқтатылады.

*Жұмыс күндері супермаркеттер, шағын дүкендер мен үйдің жанындағы дүкендер сатып алушыларға сағат 10:00 - ден 20:00-ге дейін, демалыс күндері - сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін қызмет көрсетеді.

*Сауда саласында, соның ішінде тамақ, балмұздақ, сусындар сататын дүкендер тек жұмыс күндері сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін уақыт шектелуімен (дүйсенбі-жұма) ашылады.

* Меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдарда жиналыстар, кеңестер, конференциялар, форумдар, семинарлар және адамдар жаппай болатын басқа да іс-шаралар өткізуге тыйым салынады.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif