Солтүстік Қазақстанда жыл басынан бері 29 интернет-алаяқ анықталды

Жарияланды
Карточка нөмірі мен CVV-кодты ешкімге сеніп беруге болмайды

Қазақстан облысы ПД криминалдық полиция қызметкерлері банк карталарының деректерін пайдаланумен жасалған бірнеше алаяқтықты ашу бойынша жұмыс істеп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Белгісіз қылмыскер 42 жастағы Петропавл қаласының тұрғынына хабарласқан. Ол өзін банктің қауіпсіздік қызметінің қызметкерімін деп таныстырып, қалалықтың шотынан біреудің қаражат алмақшы болғаны тіркелді деп хабарлаған.

 Бұл әрекетті болдырмау үшін карточканың сыртқы жағындағы номер мен CVV-код жазылған оның деректерін айту қажет деп айтқан. Әбірге түскен әйел қаскөйге барлық ақпаратты жайып салған. Бұдан кейін шынымен де оның шотындағы қаражат жоқ болған. Келтірілген шығын 140 мың теңгеден астам. 

Қала тұрғыны полицияға хабарласқан. Қазіргі уақытта күдіктіні анықтауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

 «Бүгінгі таңда мұндай алаяқтық схемасы ең кең таралып отыр, – дейді Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаменті бастығының орынбасары Руслан Назаров. 

 «Қаскөйлер жәбірленушіні мақсатты түрде таңдайтын жағдайлар да кездеседі, бірақ көптеген адамдар телефон нөмірлерін кездейсоқ тереді және олар өздері әрекет еткен етіп тұрған банкті атамайды. Кем дегенде адамда бір карта болса, сол арқылы есептеу жүргізіледі. Айта кету керек, барлық адамдар алаяқтардың айла-амалдарына түсе бермейді: Криминалдық полиция басқармасы қызметкерлерінің ақпараттық жұмыстары өз нәтижесін беруде. Банктің қауіпсіздік қызметі ешқашан дербес және қаржылық деректерді ұсынуды талап етпейді. Карточка нөмірі мен CVV-коды шоттарға қол жеткізуге жол ашады, оларды ешкімге және қандай жағдайда болмасын сеніп беруге болмайды. 

Тәртіп сақшылары күдікті хабарламалар түскен кезде call-орталықтар мен банктердің «қауырт желісіне» хабарласуды ұсынады. Сондай-ақ, «102» арнасына хабарласуға болады. Жалпы, жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері 29 интернет-алаяқтықты өндіріспен аяқтады, бірқатар фактілер тергеліп жатыр.
 

Сондай-ақ оқыңыз