Әскери институтта мемлекеттік аттестация басталды

Биылғы 2020 жылы 141 түлек оқу бітіреді

Фото: РЭжБӘИИ баспасөз қызметі

Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының 141 түлегі бір ай бойы мемлекеттік аттестациялық комиссияның қадағалауымен мемлекеттік емтихан тапсырады.   Бұл туралы аталмыш институттың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекеттік емтихан тапсыру 2 кезеңнен тұрады: біріншісі – теориялық, екіншісі – қару-жарақ пен әскери техниканы қолдану машықтығын көрсететін практикалық кезең.

Сонымен қатар, жылдамдығын, икемділігін, күші мен шыдамдылығы сынды физикалық қасиеттерін тексеру үшін дене дайындығы негізгі пән ретінде енгізілген.

РЭжБӘИИ бастығы генерал-майор Асқар Мұстабековтың айтуынша, мемлекеттік қорытынды аттестацияның мақсаты – бітірушілердің біліктілік талаптарының деңгейі мен сапасын тексеру болып табылады.

"Бітіруші курсанттар үшін бұл өте жауапты кезең. Емтихан барысында меңгерген мамандықтарына сәйкес теориялық және практикалық білімдерінің деңгейі тексеріледі", - деп атап өтті ол.

Мемлекеттік емтихандар аяқталған соң курсантар диплом жобаларын қорғайды.  

Биылғы 2020 жылы РЭжБӘИИ 14-ші рет 141 түлегін 8 мамандық бойынша шығарып салмақ.

 Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты зенитті зымыранды, радиотехникалық әскерлері, әскерлер мен қару-жарақты автоматтандырылған басқару жүйелері инженерлері, байланыс әскерлері, авиацияны радиотехникалық қамтамасыз ету мамандықтары үшін білікті офицерлерді даярлайды.   

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif