Шымкентте барлық блок-бекеттер алынды

Карантин кезінде қылмыс саны 42,8 пайызға төмендеді

Фото: Polisia.kz сайты

 Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес Шымкент қаласындағы блок-бекеттер алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты. 

Қаланың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері А.Тулебаевтың 30 мамырдағы № 19 Қаулысына сәйкес аудан, облысаралық жолаушылар қатынасына жол ашылды. 

Шымкент қаласындағы 18 бұғаттау бекеттері 200 арнайы көлік құралдарымен қамтамасыз етілді. 78 күн бойы Полиция департаментінің 1000 қызметкері, уақытпен санаспай тәулік бойы өз міндеттерін атқарды. 
Маңызды объектілерді, медициналық мекемелер мен карантиндік аймақтарды күзетті. Қазіргі таңда, коронавирус инфекциясын алдын-алу және таралуын болдырмау мақсатында жалпы 158 арнайы автокөліктермен жабдықталып, 1912 қызметкерлер мен сарбаздар жұмыс жасады.


Қоғамдық тәртіпті сақтау үшін полиция мен Ұлттық ұлан жасақтары көшелер, саябақтар мен аулаларды, сауда нысандарына да бақылау жасады. Өзін-өзі оқшаулау және шектеу тәртібі полиция қызметкерлерінің жұмыс режимін күшейтті.

Осы шаралардың арқасында Шымкенттегі қылмыс саны 42,8 пайызға төмендеді. Мұндай күшейтілген режимде полиция және ІІМ-нің өзге де құрылымдары алғаш рет жұмыс істеді. 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif