Шет тілінен сертификаты бар болса, грант тағайындау конкурсына қатыса алады

Жарияланды
SAT – АҚШ-тың жоғарғы оқуларына түсу үшін тапсырылатын стандартты тест

2020 жылы SAT, ACT және IB халықаралық стандартталған тестілеулерінің балдарын Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) балдарына ауыстыру шкаласы енгізілді. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің ресми Telegram-каналы хабарлады.

Халықаралық стандартталған тестілеулерінің сертификаты бар тұлғалар білім беру грантын тағайындау конкурсына қатыса алады және (немесе) Жоғары оқу орындарының ақылы бөліміне түсе алады.

SAT, ACT және IB халықаралық стандартталған тестілеулер шкаласының ҰБТ балына ауыстырылуы жоғары білімнің аясын кеңейту үшін енгізілді.

SAT тестілеуінің балын ҰБТ балына ауыстыру тек SAT reasoning (мектептегі дағдылар – оқу, хат және математика бойынша тест) және SAT Subject (жекелеген пәндер бойынша тест) сертификаты болған жағдайда ғана жүзеге асырылады. Сондай-ақ SAT Subject нәтижелері ҰБТ балына тек бейінді пәндер сәйкес келген жағдайда ғана ауыстырылады.

«Ағылшын тілі» пәні үшін IELTS нәтижелері ескеріледі.

SAT – АҚШ-тың жоғарғы оқуларына түсу үшін тапсырылатын стандартты тест.
 

Сондай-ақ оқыңыз