Сақ болыңыздар: еліміздің бірнеше аймағына найзағай түсу қаупі бар 

Дауыл соғып, бұршақ ықтималдылығы жоғары

Фото:alashainasy.kz

Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«Қазгидромет» мәліметінше, Нұр-Сұлтан қаласында 29 маусымда найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан, батыстан екпіні секундына 15-20 метр болатын жел соғады. 

29 маусымда Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші секундына 15-20 метр болады. 

Көкшетау қаласында ертең түнде және таңертең найзағай ойнауы мүмкін. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

29 маусымда Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетіп қалады.
 Қарағанды қаласында да ауа райы құбылмалы болмақ. Оңтүстік-батыстан соққан жел екпіні секундына 18 метрге жетеді. 

Ал  Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр күтіледі. 29 маусымда күні бойы кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл соғады, бұршақ түсу ықтималдылығы да жоғары. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел тұрып, екпіні секундына 23-28 метрге жетеді деп күтіледі.

 Петропавл қаласында да дәл осындай ауа райы болады.

  Ақтөбе облысының кей жерінде найзағай ойнап, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады. Оның екпіні кей жерлерінде секундына 15-20 метрге жетуі ықтиал.

Қызылорда облысында оңтүстік-батыстан, батыстан екпіні секундына 15-20 метр болатын жел соғады. Ал Қостанай облысының кей жерінде найзағай ойнайтындығы күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде екпіні секундына 15-20 метр болады.


 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif