Өзбекстан азаматының қапшығынан бұзаудың басы мен еті табылды

Ол осыған дейін ауыр қылмыс үшін іздеуде болған

Фото:Shutterstock

Аса ауыр қылмыс жасағаны үшін бұрын іздеуде жүрген ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты. 

Ақтөбелік полицейлер кісі өлтіргені үшін іздеуде жүрген Өзбекстан азаматын ұстады. 1985 жылы туған Өзбекстан азаматын “Самара-Шымкент” тас жолында патрульдік полиция ротасының жасағымен ұсталды. Ол Шымкенттен Ақтөбеге қарай жол тартқан. Полиция қызметкерлері ер адамның қолындағы қапшық күдік тудырған соң, тоқтатылды. Өзбекстан азаматының қолындағы қапшығынан оның жеке заттарынан басқа, бұзаудың басы мен еті табылған.

Анықталғандай, Шымкент қаласынан Ырғыз ауданына қарай жолда ер адам далада жайылған бұзауды жасырын түрде ұрлап кеткен. Бұзауды ұрлап, күдікті оны кеңсе пышағымен бауыздап, еттің бір бөлігін және малдың басын қапшыққа салып алған. Ұсталған адам өз әрекетін мойындады. Күдіктінің жеке басын тексеру кезінде полиция қызметкерлері 2016 жылдан бастап оның Алматы облысының Полиция департаментімен ауыр қылмыс жасағаны үшін халықаралық іздестіру жарияланғанын анықталды.

Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif