"Нобель АФФ"  фармацевтикалық фабрикасы  дәрі  экспортын ұлғайтпақ

Кәсіпорын жылына 750 млн дәрі өндіреді

Фото: ҚР индустрия және инфрақұрылымдылық даму министрлігінің телеграм каналы

"Нобель АФФ" фармацевтикалық фабрикасы дәрі-дәрмек экспортын ұлғайтуды жоспарлап отыр. Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдылық даму министрлігінің телеграм каналы хабарлады.

"Нобел АФФ" АҚ - 2011 жылы инспекциядан табысты өтіп, GMP стандартына сәйкестік сертификатын алған алғашқы отандық компания. Аталмыш инспекция Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сарапшыларының қатысуымен өтті. 

Содан бері компания Қазақстан мен басқа елдердің реттеуші органдары инспекцияларын, сондай-ақ трансұлттық фармацевтикалық компаниялардың инспекцияларын бірнеше рет қабылдады. Олар кейіннен фабрикада өздерінің бірегей инновациялық дәрі-дәрмектерінің келісімшарттық өндірісін орналастырған.
Бүгінгі таңда кәсіпорынның жобалық қуаттылығы жылына 750 млн дәрі, 250 млн капсула, 20 млн құтылардағы шәрбат және суспензия, жылына 10 млн туб кремдер мен гельді құрайды. 

Кәсіпорында физика-химиялық зерттеулер, микробиологиялық және ішкі өндірістік бақылау зертханалары жұмыс істейді. Олардың барлығы уәкілетті мемлекеттік органдармен халықаралық зертханалық тәжірибелерге сәйкес аккредиттелген және ең озық жабдықтармен, өлшеу аспаптарымен жабдықталған.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif