Немістер қазақтарға қуат көзін үнемдеуді үйрететін болды

Қазақстан экономикасы секторларының энергия тиімділігін арттыру жоспары әзірленеді

Фото;kubnews.ru

Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты" АҚ өкілдері Германияның "Дена" энергетикалық агенттігімен 2030 жылға дейін Қазақстан экономикасының түрлі секторларының энергия тиімділігін арттыру бойынша жоспарды әзірлеуге қатысты онлайн кездесу өткізді. Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің телеграм арнасы хабарлады. 

Өткен жылдың желтоқсан айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германияға сапары аясында "Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты" АҚ, "Атамекен" ҰКП және "Дена" энергетикалық агенттігі арасында Қазақстанның энергия тиімділігін арттыру бойынша жоспар әзірлеу мен ынтымақтасты дамыту туралы үш жақты меморандумға қол қойылған еді.  

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында еліміздің энергетика секторы реформаларды талап ететінін атап өтті. Алдағы уақытта "жасыл энергетикаға" қарай қозғалыс жасауға ерекше маңыз беріледі.

Екі ел арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі жандандыру мақсатында Германияның Федералдық экономика және энергетика министрлігінің тапсырмасымен "Дена" энергетикалық агенттігі өзара кооперацияны дамыту бағытында жұмыс тобын құруды қолға алды. Ондағы мақсат - энергетика саласындағы бірлескен ынтымақтастықтың стратегиялық бағытын айқындау.

Қазір ұзақ мерзімді жоспарды әзірлеу бойынша белсенді жұмыс басталды. Жоспар ел экономикасының әр секторы бойынша жеке энергия тиімділігінің әлеуетін айқындап, энергетика, өнеркәсіп, бюджет секторы мен ғимараттар, көлік секторларының қазіргі жай-күйін ескеріп, нақты қол жеткізілетін көрсеткіштермен әзірленеді.

Жоспарды әзірлеу бес негізгі кезеңге бөлінген: 1) ұйымдық құрылымды қалыптастыру 2) энергия үнемдеу саласындағы ағымдағы жағдайды талдау, 3) іс-шараларды іріктеу, 4) сандық көрсеткіштерді айқындау 5) нақты жоспарды бекіту. Ағымдағы жылы осылардың төрт кезеңін іске асыру көзделген.

Германия жағы жобаны қаржыландыруға дайын. Сонымен қатар, Дүниежүзілік банк экономика секторларының энергия тиімділігін арттыру жоспарын әзірлеу жөніндегі бастаманы қолдап, техникалық көмек көрсетуге әзір.

Жыл соңына дейін еліміздегі энергия үнемдеудің қазіргі жағдайына толықтай талдау жүргізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, экономиканың түрлі секторларында энергия үнемдеу әлеуетін анықтау көзделген. Осы жылдың тамыз айында энергия тиімділігін арттыру бойынша іс-шараларды алдын ала іріктеу басталады. Соңғы жоба 2021 жылы әзірленеді.

Жоспардың түпкі мақсаты - энергия тиімділігін арттыру бойынша елдің тиімді стратегиясын әзірлеу. Бұл бюджет қаражатын үнемдеуге және Қазақстан ЖІӨ-нің энергия сыйымдылығын азайтуға мүмкіндік береді.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif