Қытай COVID-19 вакцинасын әзірлеудің үшінші сатысына көшті

Жарияланды
Вакцинаның тиімділігін қамтамасыз ету үшін көптеген ерікті қатысушылар қажет

Қытай Халық Республикасының мамандары коронавирустың жаңа түріне қарсы вакцинаны клиникалық зерттеудің үшінші кезеңіне өтті, деп жазады Жэнминь Жибао газеті.

Абу-Даби, Пекин және Ухань қалалары  бейне байланыстарды қолдана отырып, вакцинаның клиникалық сынақтарының үшінші кезеңін бастап кетті.

Уханьдағы Синофарм CNBG Wuhan биологиялық өнімдер институтының директоры Дуан Кайдың айтуынша, клиникалық сынақтың үшінші кезеңінде вакциналардың тиімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін көптеген еріктілер қажет.

Вирустың Қытайда таралуы тиімді түрде тоқтатылғандықтан, елде тестілеудің үшінші кезеңі үшін жағдай жоқ.  Сондықтан Қытай халықаралық ынтымақтастық жолын таңдады.

Sinopharm CNBG корпорациясының алдын-ала мәліметтері бойынша, Пекин филиалының вакцинасы бар препарат берілген барлық 1120 сау субьектілерде коронавирусқа қарсы антиденелерді қалыптастырды. Ухань бөлімшесінің вакцинасы жоғары деңгейлі, қауіпсіз антиденелер шығаруға мүмкіндік берді.

Сондай-ақ оқыңыз