Көші-қон комитеті шетелдіктерге мәртебесін тезірек заңдастыруды талап етуде

Құқықтық мәртебесін реттемеген шетелдіктерге шара қолданылады

Фото;Полиция.kz

Полиция полковнигі, ҚР ІІМ Көші қон комитетінің басқарма бастығы Асқар Алдоңғаров төтенше жағдай режимі аяқталғаннан бері ел аумағында мәртебесін реттемеген шамамен 115 мың шетелдік бар екенін мәлімдеді. Бұл туралы CORONAVIRUS2020.KZ телеграм арнасы хабарлады. 

25 маусымдағы жағдай бойынша, 4000 шетелдікке виза берілді және рәсімделді. 17 мың шетелдікке уақытша тұруға арналған рұқсат берілді. 78 мың еңбекшіге көшіп келушіге рұқсат берілді және ұзартылды. Қазақстан аумағынан 33 мың адам шекара асты.

Осыған орай, шетелдік азаматтарды қабылдаушы тарапқа ҚР-да болудың өзінің құқықтық мәртебесін жылдам заңдастыруын сұраймын. Оны кейінге қалдыруға болмайды. Кейін өзінің мәртебесін реттемеген шетелдікке және оларды қабылдаушы тарапқа құқықтық ықпал ету шаралары қолданылатынын хабарлаймыз,-деді Асқар Алдоңғаров.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif