Колледждерге құжаттарды қабылдау 20 маусымнан 25 тамызға дейін жалғасады

Жарияланды
Түлектерге құжаттарды egov.kz арқылы электронды түрде тапсыруға да болады

Құжаттарды қағаз түрінде немесе egov.kz арқылы электронды түрде колледжге тапсыруға болады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің ресми Telegram-каналы хабарлады.

Биыл колледжге қабылдау аттестаттың жиынтық конкурстық балы бойынша жүргізіледі:

*9-сынып түлектері үшін міндетті пән (қазақ немесе орыс тілі) және 2 бейінді пән;

*11-сынып түлектері үшін екі міндетті пән (қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы) және 2 бейінді пән.

Педагогикалық, медициналық мамандықтар мен өнер саласы мамандықтары үшін:

*ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып, арнайы және шығармашылық емтихандар белгіленеді немесе талапкерлердің жетістіктері туралы портфолиоларын бағалау қарастырылады; 

*балдары тең болған жағдайда аттестаттың орташа балы және талапкердің әлеуметтік санаты ескеріледі.
 

Сондай-ақ оқыңыз