Кино түсіруге 5 миллиардтан астам ақша бөлініп жатыр

Биыл 13 фильм түсіріледі

Фото: kazakhfilmstudios.kz

Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамы екінші питчинг нәтижелері бойынша миллиард теңгеге жуық қаржы алады,-деп хабарлайды "Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы" КЕАҚ Баспасөз-қызметі.

Сәрсенбі күні, 3 маусымда Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы екінші питчингінің нәтижелері бойынша мемлекеттік қаржыландыруды алған картиналар тізімі белгілі болды.


Ең ірі бенефициар жалпы сомасы миллиард теңгеге жуық он үш жобаға қолдау алған «Қазақфильм» киностудиясы болды. Сараптамалық кеңес және Ведомствоаралық комиссия мәжілістерінің қо­рытындылары бойынша қаржыландыруға мақұл­дауды келесі жобалар алды: «Серикбол Кон­дыбай: воин духа», «Природа Казахстана: Устюртский заповедник», «Касым Джакибаев», «Олиара», «Алтын Адам», «Таутай-лақ », «Горячее озеро», «Самый долгий день лета», «Көше ақыны», «Рух», «Граната», «Возвращение моря» және «Номады XXI века».


Екінші питчинг нәт­ижелері бойынша қаржыландыруды алатын қа­лған 29 жоба жеке ст­удиялардың күшімен түсірілетін болады. Оларды жүзеге асыру үшін бес миллиардқа теңгеге жуық қаржы бө­лінеді.


Екінші питчингтің нәтижелері бойынша «ҰКҚМО» КЕАҚ киножоба­лардың бұрын-соңды болмаған санына бір мезетте қолдау көрсетті. Өтініш берген  223 сұранымның ішінен 42 картина қаржыландырылады.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif