Қазақстанда жаңа мамандықтарды оқытуға арналған атлас әзірленіп жатыр 

Еліміздің  9 университеті жаңа кәсіптерді оқытуға келісім берді

Фото: Shutterstock

Қазақстанның жоғары оқу орындарында тау-кен металлургия кешені секторларында қажет мамандықтар бойынша оқыту басталады. Бұл туралы  ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналы хабарлады.

Бүгінгі күні Қазақстанда еңбек нарығын өзгертетін негізгі технологиялық трендтер мен технологиялар талданатын Жаңа кәсіптер мен құзыреттіліктер атласы әзірленіп жатыр. Атластың негізгі ақпараты кәсіптің 3 санатын анықтауға бағытталады: жаңа, өзгеретін және жойылатын кәсіптер. Естеріңізге сала кетейік, Атлас экономиканың 9 басым саласы негізінде құрылған: тау-кен металлургия кешені, мұнай-газ саласы, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика, машина жасау, АКТ, энергетика, туризм және құрылыс.

Қазіргі аралық нәтижелер бойынша «BTS Education» атласы шеңберінде ТМК секторларында сұранысқа ие жаңа мамандықтар тізімі құрылды.

Министрлік ЖОО-мен осы кәсіптерді оқу бағдарламасына енгізу мүмкіндігін пысықтауда және бүгінгі күні келесі нәтижелерге қол жеткізілді:

- Министрлік үш ЖОО-мен жаңа мамандықтарды енгізу аясында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды (О.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті, Қ. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ және М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті);

- 9 университет жаңа мамандықтарға оқытуға келісім берді.

Осы бағыттағы жұмыс белсенді жалғастырылады. Елбасының тапсырмасына сәйкес өнеркәсіпті цифрландыру және Индустрия 4.0 көшу бойынша жұмыс. Ал осы бағыт мұнда барлық нәтиженің маңызды бөлігі саналады.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif