Қазақстанда демалыс күндері шектеу шаралары күшейтілді

Коронавирус инфекциясының көрсеткіші артқан

Фото: Аскар Ахметуллин

Қазақстанда демалыс күндері  — 20-21 маусымда шектеу шаралары күшейтіледі. Бұл туралы coronavirus2020.kz хабарлады. 

1. Нұр-Сұлтан, Алматы, Қараганды, Шымкент, Павлодар, Екібастұз қалалары бойынша: 
- сауда ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, желілік дүкендердің, жабық азық-түлік және басқа да  базарлардың қызметі тоқтатылады;
- қоғамдық тамақтану орындары тек далада әрі әлеуметтік арақашықтықты сақтап қана жұмыс істеуі тиіс; 
- қоғамдық көліктердің қызметі шектеледі;
- қоғамдық демалыс орындары: парктер, саябақтар, жағалаулар, жағажайлар, аквапарктер қызметі тоқтатылады;
- фитнес-орталықтарының қызметі тоқтатылады;
- 65 жастан асқан адамдардың далаға шығуы шектелсін.

2. Тұрғындарының саны 50 мыңнан асатын елді мекендер бойынша:
- қоғамдық орындардың: парктер, саябақтар, жағалаулар, жағажайлар, аквапарктер жұмысы тоқтатылады;
- 65 жастан асқан адамдардың далаға шығуы шектелсін.

3. Өңірлердің бас санитарлық дәрігерлерінің қаулыларына сәйкес, Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Павлодар және Екібастұз қалаларына аумақтық жақын орналасқан туристік аймақтарға кіруге тыйым салу ал аталған аймақтардағы адамдарға – әлеуметтік қашықтықты сақтау қажет.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif