Қазақстанда АҚШ әскери базасы салына ма

Тоқаев АҚШ-пен ынтымақтастық жайлы айтты

Фото: Аскар Ахметуллин

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік басылым «Комсомольская правда» газетіне берген сұхбатында Қазақстанда АҚШ-тың әскери базасын салу талқыланып жатқан жоқ және бұл мәселе күн тәртібінде тұрған жоқ деп мәлімдеді. 


Президент сонымен қатар, Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы ынтымақтастық энергетика, инвестиция, технология сияқты стратегиялық салаларда табысты дамып келе жатқанын атап өтті.   

 

«Біз қарусыздану және ядролық қаруды таратпау мәселелері бойынша ұдайы байланыстамыз. Оған қоса, біз Алматыдағы бұрынғы обаға қарсы институт базасында биологиялық қауіпсіздік саласы бойынша да жұмыс істедік. Бірақ қазір келісімшарттың аяқталуына байланысты америкалықтар зертханадан кетіп, онда тек қазақстандық мамандар бюджет қаражаты есебінен жұмыс істейді. Осы саладағы зерттеулердің өзектілігін ескере отырып, біз ресейлік мамандармен де тығыз ынтымақтастық орнатуға дайынбыз»,- деді Тоқаев.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif