Қапшағайда адасып қалған әкесі мен ұлы құтқарылды

Жарияланды
Қолдан жасалған ескекті жел ұшырып әкеткен

Алматы облысының құтқарушылары Қапшағайда әкесі мен ұлын құтқарды. Бұл туралы Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады. 

Үстіміздегі жылдың 17 маусымында Алматы облысы ТЖД Қапшағай аймағының құтқарушылары Қапшағай су қоймасында құтқару операциясын сәтті аяқтады. 

Көмек қажет екендігі туралы хабар ТЖД, туыстарынан түнгі сағат 22-ден кейін келіп түсті. 
Белгілі болғандай, Қапшағай қаласының оңтүстік-батыс жағалауында орналасқан «Сәуле» демалыс базасында екі демалушы (1979 ж.т. әкесі, 2008 ж. т. ұлы). тәуліктің қараңғы уақытында 2,5Х3 м өлшемді қолдан жасалған 2 ескекпен басқарылатын понтонда жүзіп жүрген кезінде желмен су қоймасына алып кеткен.

 
Сағат 23.00-де жағадан екі шақырым жерде желмен суға алып кеткендер табылып, құтқарушылар оларды жағаға жеткізді. 

Айта кету керек, құтқарылғандар суда қауіпсіздік ережелерін бұзды, тәуліктің қараңғы уақытында су айдынына шыққан, дегенмен құтқару кеудешелерін киіп өздерін қауіпсіздендірген және өздерімен бірге құтқару шеңберлері болған. 

Алматы облысы ТЖД судағы қауіпсіздік қағидаларын сақтауды ұсынады: 

– түнгі уақытта және желді ауа-райы кезінде суға түспеу және суға шықпау; 
– сертификатталмаған жүзу құралдарында жүзбеу; 
– жағадан алыс жүзуге болмайды; 
– балаларды үлкендердің қарауынсыз су жанында қалдырмаңыз; 
– су айдынына шығу кезінде жүзу құралдарында құтқару кеудешелерін кию. 
 
 
 

Сондай-ақ оқыңыз