Инспекторлар 280 мүйізді ұрлаған браконьерлерді құрықтады

Оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды

фото: Facebook.com

БҚО-да "Охотзоопром" инспекторлары 280 мүйізді ұрлаған браконьерлерді құрықтады. Бұл туралы ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет өзінің Facebook парақшасында хабарлады. 


"Рейдтік шара барысында "Охотзоопром" инспекторлары Батыс-Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Шапаев ауылының маңындағы "Атырау - Орал" тас жолында БҚО азаматының басқаруындағы ресейлік нөмірлі "SUZUKI" маркалы автокөлігін тоқтатты. Автокөлікті тексеру барысында киік аңының 280 дана мүйізі табылып, тәркіленді", - деді Сәкен Ділдахмет Facebook парақшасында.


Аталмыш факты Ақжайық ауданының полиция бөлімінде тіркеліп, ҚР Қылмыстық кодексінің 339 бабымен қылмыстық іс қозғалды.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif