Елордада пневмониясы асқынған науқастар көбейген

8,5 есеге дейін артқан

Фото: kursiv.kz

Жұқпалы және провизорлық ауруханаларда адамдар саны бүгінде 2,5 мыңға дейін өсіп отыр. Оның 91%-ы орташа ауырлық дәрежесінде. 9%-ы ауыр және өте ауыр. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz. 


Олар жедел реанимация бөліміне бірден түседі. Негізі соңғы аптамен салыстырғанда науқастар саны 3 есе өсті. 

  «КВИ жұқтырғандар және пневмониясы асқынған науқастардың көбеюіне байланысты қалада қосымша инфекциялық төсек-орындары дайындалды. Бұрын 80 жағдай болатын. Ал қазір аптасына 8,5 есеге дейін жоғарылауы байқалып отыр. 12 маусымнан бастап Нұр-Сұлтан қаласындағы медициналық ұйымдардың төсек орны қорын қайта құруға байланысты жұқпалы және провизорлық ауруханалардағы төсек орны саны 1351 орынға көбейтілді», - деді Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова.   


Тек соңғы 3 күнде қосымша 830 төсек дайындалды. Оның ішінде бүгін Ұлттық ғылыми медициналық орталықтың базасында тағы 200 инфекциялық төсек дайындалады.

Сонымен бүгінде коронавирус инфекциясымен күресуге 3 135 төсек орындық 12 денсаулық сақтау ұйымы жұмылдырылды.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif