Елорда балабақшаларына құжат қабылдау қашан басталады

Жарияланды
17 маусымнан бастап

Биыл 20 198 бала алғаш рет мектепке дейінгі мекемелерге барады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

17 маусымнан бастап барлық мектепке дейінгі ұйымдарға құжат қабылдауды бастау жоспарлануда. e.astana.kz немесе indigo24.kz электронды жүйесінде мектепке дейінгі ұйымдарда (жекеменшік балабақшалар мен шағын орталықтар) босаған 20 198 орын жарияланатын болады (2019 жылы – 15 мың орын босады).  
Босаған орындардың ішінде 2018 жылы туғандарға – 2 442 орын, 2017 жылы туғандарға – 7 877 орын, 2016 жылы туғандарға – 5 449 орын, 2015 жылы туғандарға – 4 430 орын қарастырылған. 

«1 маусымнан барлық мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда сағат 8.00-ден 18.00-ге дейін ата-аналар үшін онлайн-консультациялар ұйымдастырылды. Қажет болса ата-аналар қатаң санитарлық-дезинфекциялық шараларды сақтай отырып, мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдар жанындағы консультациялық пункттердің көмегіне жүгіне алады»,- деді басқармада. 

Топтастыруды өткізу кестесі мен жолдамаларды алу бойынша ақпарат барлық интернет ресурстарда: Білім басқармасының сайтында (www.bilim.astana.kz), әкімдіктің сайтында (astana.gov.kz), электрондық жүйеде (e.astana.kz немесе indigo24.kz) орналастырылады. 

«Елордадағы карантиндік шаралар режиміне байланысты берілген жолдамалардың мерзімі ата-ананың қатысуынсыз автоматты түрде жүйеде ұзартылатын болады. Барлық туындайтын сұрақтар бойынша Call-орталыққа 55-68-83, 55-68-73, 1445 телефондары арқылы хабарласуға болады»,- делінген білім басқармасының хабарламасында.

 

Сондай-ақ оқыңыз