Еліміздің тігін фабрикасы жылына 1,5 млн өнім жасап шығарады

«Казлегпром-Алматы» ЖШС өзінің тігін және аяқ киім өндірісіне маман даярлауда

Фото: ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналы

"Қазлегпром-Алматы" ЖШС Қазақстанның жеңіл өнеркәсібінің тігін және аяқ киім саласының ірі жоғары технологиялық өндірістік кәсіпорындарының бірі болып табылады. Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналы хабарлады. 

Өндіріс ошағы нарықта 2011 жылдан бері табысты жұмыс істеп келеді. Зауыт өз жұмысын Қорғаныс министрлігі, ТЖМ және ішкі әскерлердің тапсырысы бойынша әскери киім-кешек шығарудан бастады. Содан кейін компания өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін арнайы киім өндірісін игерді. Кейінірек мұнда киімнің азаматтық желісі — классикалық костюмдер мен аяқ киім шығарыла бастады.

«Қазлегпром-Алматы» тігін өндірісінде киім жобалау бөлімі, кесіп дайындау цехы, тігін цехы және қосалқы цехтары бар. Өндіріс қуаттылығы жылына 1,5 млн. тігін өнімін жасап шығарады. Фабрика өндіріс барысында ешқандай ақаусыз, сынақтардан өткен сапалы шикізаттарды қолданады. Көптеген сынақтардан өту жолында фабрика өнімдері сапа стандартына толығымен сай келеді.  
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif