Елімізде жыл сайын 300 мың тонна мырыш, 150 мың тонна қорғасын өндіріледі

Жарияланды
2019 жылы әлемдік қорғасын өндірісі 11,9 млн тоннаны құрады

QazIndustry баяндамасында ILZSG (International Lead and Zinc Study Group) деректеріне сәйкес 2019 жылы әлемдегі мырыш өндірісі 13,5 млн тоннаны (2018 жылы – 13,1 млн тонна) құрағандығы айтылған. Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram жаңалықтары хабарлады.

Қазақстанда жыл сайынғы мырыш өндірісі 300 мың тонна шамасында. Негізінен ол ірі өндіруші «Қазмырыш» ЖШС орналасқан  Шығыс Қазақстан облысында шоғырланған. Ол өндірістің 95% астамын құрайды. Бұл – өндірістік қуаты жылына 190 мың тонна Өскемен металлургиялық кешені және өндірістік қуаты жылына 112 мың тонна жоғары маркалы тауарлы мырыш және  мырыш-алюминий құймасын өндіретін Риддер металлургиялық кешені.   

ILZSG деректері бойынша 2019 жылы әлемдік қорғасын өндірісі 11,9 млн тоннаны құрады (2018 жылы – 11,8 млн тонна). Қазақстанда өндірілетін қорғасынның барлық көлемі – жылына 120-150 мың тонна «Қазмырыш» ЖШС келеді (2019 жылы 99,6%).

Сондай-ақ оқыңыз