Елімізде жасанды желдету аппаратының 680 данасын шығару жоспарланған

"Қазақстан инжиниринг" ҰК" АҚ ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне 64 дана аппарат берді

Фото: Shutterstock


"Қазақстан инжиниринг" ҰК" АҚ ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне өкпені жасанды желдету аппаратының 64 данасын тапсырды. Бұл туралы  Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми Telegram каналы хабарлады.

 Оған дейін Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасына 17 данасы тапсырған болатын. 

Коронавирус пандемиясына байланысты қабылданған шаралар аясында ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне 180 ӨЖЖ аппаратын тегін беру жоспарланып отыр.

Биыл “Тыныс” зауытында (“Қазақстан инжиниринг” ҰК-ның еншілес кәсіпорны) барлығы осындай 680 аппарат шығару жоспарланған.

“Тыныс” зауыты - өкпені жасанды желдету құрылғыларын шығаратын  Қазақстандағы жалғыз кәсіпорын. “Көкшетау-4П”  аппараты өзінің сан қырлы қызметін жедел жәрдем машинасында да, жансақтау бөлімінде де атқара береді.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif